Қазақ боксшылары қарсыластарымен жекпе-жек басталмай тұрып төбелесіп қалды (фото)

Қанат Ислам мен Патрик Аллотей

Бүгін Алматыда Қанат Ислам мен Патрик Аллотей арасындағы бокс кешіне қатысушылар салмақ өлшеу рәсімін өткізді. Аталған шарада қарсыластар бір-бірімен төбелесуге дейін барды деп хабарлайды NUR.KZ.

Ертең, 29 қазан күні жылдың ең маңызды спорттық оқиғасы өтеді. «Алматы Арена» кешенінде Қанат Ислам мен Патрик Аллотейдің қолға түйістіріп, кім мықтыны анықтайды.

Ал маңызды бокс кеші аясында тағы да алты қазақ боксшысы өнер көрсетеді.

NUR.KZ порталы бүгін өткен салмақ өлшеу рәсімінен фоторепортажды назарларыңызға ұсынады.

Жұман Жұмабеков (Қазақстан) — Владимир Иванов (Беларусь)

Айдар Шәрібаев (Қазақстан) — Хуан Окура (Испания)

Әли Ахметов (Қазақстан) — Әли Мамедов (Әзірбайжан)

Руслан Мырсатаев (Қазақстан) — Наху Азуми (Гана)

Жанқош Тұраров (Қазақстан) — Айсак Арие (Гана)

Жанқош пен Айсак кездесу басталмай тұрып бір-бірімен текетіресіп қалды. Бұл жерде ганалық боксшының сабыр сақтамағанын атап өту керек.

Жәнібек Әлімханұлы (Қазақстан) — Милтон Нуньес (Колумбия)

Кезінде Головкиннен ұтылған Нуньев енді қазақ боксшыларын аямайтынын айтады.

Ол кездесу басталмай жатып Жәнібекке жұдырық жұмсай жөнелді.

 

Сабырлық сақтаған Жәнібек болса, барлық мәселені рингте шешемін деп жауап берді.

Қанат Ислам (Қазақстан) — Патрик Аллотей (Гана)

Кештің басты жұлдызы, қазақ боксының майталманы Қанат Ислам да сабырлы қалпынан танған жоқ. Ол жанкүйерлерімен жылы амандасып, қарсыласын тек көзбен жеумен болды.

Сол аралықта Патрик қолымен неше түрлі әрекеттер жасап, Қанатты қалайда жеңемін деген пікірін қайталаумен болды.

Қанат Ислам мен Патрик Аллотейдің жекпе-жегі 29 қазан күні, сағат 18:00-де «Алматы Арена» кешенінде өтеді.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий