Қазақ боксшылары қатысқан Канададағы жарыс жаппай төбелеске ұласты (видео)

Фото: montrealgazzette.com

28 қаңтар күні Канаданың Монреаль қаласында өткен кәсіпқой бокс жаппай төбелеспен аяқталды. Бұл Монреальдағы боксқа қазақстандық екі боксшы да қатысқан деп хабарлайды qazaqtimes.kz.

Сайыстағы басты оқиға канадалық Стивен Батлер мен Брендон Кук арасындағы жекпе-жек болған. Себебі олар – IBF және WBA белбеулеріне таласатын екі мықты үміткер саналады.

Онтариодан келген Кук берілген уақыттан бұрын Батлерді жеңгендіктен, халықтың наразылығын тудырған. Жиналғандар алаңға неше түрлі заттарды лақтыра бастаған. Осы кезде әлде берудің мұз салынған кішкентай шелегі жеңімпаздың басына тиіп кетеді. Салдарынан залда жаппай төбелес басталып кеткен.

Дәл осы күні қазақстандық боксшылар Батыр Жүмекбаев 2,5 минуттың ішінде мексикалық Давид Ранхельді нокаудқа жіберсе, Абылайхан Хусаинов да мексикалық боксшыны мерзімінен бұрын жеңді.

 

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий