Қазақстанға келген Голландия елшісі Ресейді үлгі тұтпауға шақырды

Дирк Ян Коп. Фото: Ақ жайық

11 қараша күні Атырауға Нидерланд корольдігінің Қазақстандағы, Тәжікстандағы және Қырғызстандағы төтенше және өкілетті елшісі Дирк Ян Коп жұмыс сапарымен келді.

Бұл туралы Ақ жайық басылымы хабарлайды.

Көптеген маңызды сұрақтарға жауап берген елші Қазақстан мен Орта Азия елдері үшін болашақта Ресейдің үлгі болмайтынына баса назар аударды.

«Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін әлемде белгілі бір тәртіп орнады. Мұнда басты элементтердің бірі – мемлекеттік шекараның беріктік принципі болып табылады. Батыс мұны заңды алаңда және Кеңес Одағымен бірге жасады.

Соңғы 70 жыл ішінде алғаш рет бір мемлекет екінші мемлекеттің шекарасын күшпен ауыстырды. Мен өзіңіз түсініп отырғандай, Қырым аннексиясын айтып отырмын. Бұл біз үшін түсініксіз және қабылданбайтын әрекеттер. Сондықтан да санкциялар енгізілді.

ЕО санкциясы мен экономикасына келер болсақ, Ресей экономика тұрғысында, айталық, Испаниямен салыстырмалы түрде өте үлкен ел емес. Шығыс-еуропалық және Орта Азия елдері үшін болашақ Ресейде емес, бізде, Батыс Еуропа мен АҚШ-та екені айқын», — деді елші.

Сонымен қатар, Дирк Ян Коп жақында АҚШ президенті болған Дональд Трампқа қатысты пікірін де білдірді.

«Трамп қанша қаласа да, әлдебір негіз болатын принциптерді бұзып, бәрін күрт өзгерте алмайды. Не болатынын көреміз. Әрине, өзгерістер болады – халықаралық сауда қатынастарында, көші-қон процестерінде және т.б. Содан соң төрт жылдан кейін тағы да сайлау болады ғой», — деді елші.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий