Нұрсұлтан Назарбаев және Шавкат Мирзияев. Фото: oinet.kz
Бұл туралы Өзбекстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Ачилбай Раматов мәлім етті.
«Қазіргі уақытта біз Өзбекстан президентінің Қазақстанға ресми сапарына байланысты дайындық шараларын тыңғылықты жүргізіп жатырмыз. Іс-сапар таяу араға жоспарланған. Бұл Өзбекстанның жаңа президентінің Қазақстанға жасаған алғашқы сапары. Менің ойымша бұл екі ел арасындағы әріптестікті нығайта түседі»,- деді Раматов.
Іс-сапардың мерзімі әлі нақты белгілі емес. Болжам бойынша ол 22-23 наурызға жоспарланған.