Қазақстан ерлі-зайыптылар ең көп ажырасатын дүниежүзіндегі 10 елдің қатарына кірді

Қазақстан ерлі-зайыптылар ең көп ажырасатын дүниежүзіндегі 10 елдің қатарына кірген.

Бұл, Ұлыбританиялық басылым таратқан ақпарат деп хабарлайды 31 арна.

Тек өткен жылы елімізде 150 мың жұп некеге тұрып, соның үштен біріндей отбасының дәм-тұзы жараспаған.

Сотта қаралатын азаматтық істердің дені — неке бұзу. Тек былтырғы жылы елімізде 150 мың жас — отау көтерсе, 53 мың жұп ажырасып үлгерген. Статистика комитетінің дерегінше, ажырасқан отбасылар саны жеті жыл қатарынан өсіп келеді. Себептері әртүрлі.

Кәмелеттік жасқа толмай жүкті болып, баласын көше бойына тастап кете баратын аналар қоғамға селкеу түсіретіні анық. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы да осы бір мәселенің астарына үңіліп, қыз баланың тәрбиесі жайлы ағартушылық, үгіт-насихат жұмыстарына кіріскен екен.

«Биыл Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының ішінен осы қыздар бөлімін ашайық деген ойымыз бар. Сол жерде еліміздегі жас қыздармен жұмыс істейтін бір бөлім болса, қыз балаларға тәлім-тәрбие үйрететін бөлім болса деген ниетпенен Алла жазса, болашақта қыздар бөлімін ашайын деп отырмыз», — дейді Бас мүфти Ержан қажы Майямеров.

Некенің бұзылуына ер кісілер де себепші-дейді жиналғандар. Жастығы басылмай, желік қуған азаматтар отбасының қадірін кеш түсінетін көрінеді. Жалпы былтырғы жылы ажырасу Алматы, Қарағанды, Оңтүстік пен Шығыс Қазақстан өңірлерінде жиі тіркелген. Мамандар ажырасып жатқандар кейінгі жылдары қайта қосылмайтын болған деп отыр.

 


 

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий