Қазақстан мен Латвия арасында маусымдық әуе рейсі ашылды

Латвияның мемлекеттік AirBaltic әуе компаниясы Алматы мен Рига арасында маусымдық рейс ашты. Компанияның хабарлауынша, Алматы — Рига маршруты 29 сәуірден ұша бастаған.

Алматы әуежайының ақпараты бойынша, AirBaltic ұшағы бүгін таңертең Алматы әуежайына қонып, сағат 8:50-де кері ұшып кетті.

Bombardier CS300 ұшағы Алматы мен Рига арасында аптасына үш рет ұшады. Ұшу ұзақтығы — шамамен бес сағат 45 минут. Әуе компаниясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, билет құны бір бағытқа 159 еуродан (шамамен 190 доллар) басталады.

centralasian.org

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий