Фото: The Steppe
Алматы қаласында өтіп жатқан Бүкіләлемдік қысқы Универсиада ойындарының бесінші күнгі барлық медальдар сарапқа салынды деп хабарлайды Vesti.kz.
Бүгін, 3 ақпан күні қазақстандық спортшылар екі алтынды қанжығалады. Қос жүлдені де фристайлшылар Юлия Галышева мен Дмитрий Рейхерд жеңіп алды. Айта кетейік, фристайшыларымыз бұл спорт түрінен екінші алтындарын иеленді. Сондай-ақ, фристайлшы Павел Колмаков қола жүлдегер атанды.
Дәл қазіргі сәтте Қазақстан құрамасы 8 алтын, 2 күміс және 8 қола, жалпы алғанда 18 жүлдемен жарыс кестесінде екінші сатыда келеді. Көш басында 40 медаль (15+17+8) жеңіп алған Ресей спортшылары тұр. Үздік үштікті 16 жүлдемен (3+8+5) Жапон құрамасы түйіндеп тұр.