Қазақстан үкіметі Тәжікстанға, Қырғызстанға және Сирияға ресми гуманитарлық көмек бөлді. Тиісті қаулыға премьер-министр Бақытжан Сағынтаев қол қойды.
Үкіметтің ресми сайтында хабарланғандай, 2017 жылдың 20 желтоқсанында қабылданған қаулы бойынша Қазақстан Тәжікстанға 276 млн 790 мың теңге; Қырғызстанға 200 млн 281 мың теңге; ал Сирияға 185 млн 317 мың теңге бөледі.
Осы құжатпен Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне табиғи және техногенді төтенше жағдайлардың салдарын жоюға 662 млн теңге бөлінді.
Еске салайық, өткен жылы қарашада Қырғызстан Қазақстанның 100 млн доллар көмегінен бас тартып, тиісті келісімнің күшін жойған еді.