Қазір Қазақстанда газ бағасы — ҚҚС-сыз 34 319 теңге.
Қазақстанда 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап газ бағасы шамамен 10% қымбаттайды. Энергетика министрінің көгілдір отынның көтерме бағасын шектік деңгейге дейін көтеру туралы бұйрығы ресми түрде жарияланды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі kolesa.kz сайтына сілтеме жасап.
Құжатқа сәйкес, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 31 наурызға дейін көгілдір отынның бір тоннасы қосымша құн салығынсыз 38 701,67 теңге болады.
Қазір Қазақстанда газ бағасы — ҚҚС-сыз 34 319 теңге. Яғни келесі жылы оның құны шамамен 10 % қымбаттайды. Демек, отандық автомобильді газбен толтыру бекеттері де 1 қаңтардан бастап көтерме бағаларын жоғарылатады.