Қазақстанда халал шұжықтың ішінен өлі шыбын шықты (фото)

Халал шұжықтан өлген шыбын табылды. Фото: alashinform.kz

Нұрбол Қайырбекұлы есімді тұрғын халал шұжықтан өлген шыбын тауып алды жазады alashinform.kz сайты.

Нұрбол Қайырбекұлы желідегі парақшасында жаға ұстатарлық жағдайды баяндаған.

«Үйге үлкен қонақтар келіп азық-түлік алғанбыз. Мынау халал сымақ шұжықтың ішін кесіп жатсам, харам шыбын шығып жатыр ғой. Сол пышақта тап шыбынның белінен бөліп тастағанда жиіркенгеннің үстіне жиіркенгенім-ай… Негізі өзім шама келгенше тартылған ет пен шұжық жемеуші едім. Азық-түлік алғанда әдейі шұжықты алмаған еді әйелім, анам байғұс қазы-қарта, тауық еті, балық салынған ыдысқа бірге колбаса да қоймақшы боп дүкеннен алыпты ғой», — деп жазды ол.

«Сауап болды енді анам да шұжық жемейтін болды. Бірақ тақырып сізге, халал сертификат тағайындау агенттігінің басшысы дейміз ба, Марат Сәрсенбайұлы аға! Сырты емес, іші халал тамақ қашан жейміз? Әлде сырты бүтін, іші түтін бола ма?», — деп ренішін білдірді Нұрбол.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий