Теңге. Көрнекі фото: azh.kz
Еліміздегі халық саны 17 миллион 700 мың болса, жан басына шаққанда әр адамға 9343 доллардан келеді екен. Қазіргі уақытта квазимемлекеттік сектордың, яғни мемлекет қаржысына тәуелді компаниялардың өзге елдерге қарызы — 22 миллиард доллар.
Ол берешектің 6 миллиард долларын «Қазақстан Даму Банкі» алған. Қалған 17 миллиард доллар «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорынікі. Ондағы 60 пайыз қарыз «ҚазМұнайГаз» компаниясына, 20 пайызы «Қазақстан Темір жолына» тиесілі.