Қазақ тілі ҰБТ-дан алынып тасталған

ҰБТ. Фото әлеуметтік желіден алынды

Ұлттық тест орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов Ұлттық бірыңғай тестілеуден «Қазақ тілі» пәнінің жоқ екенін ресми мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осылайша, Рамазан Әлімқұловтың сөзіне қарағанда, Ұлттық бірыңғай тестілеудің ресми бекітілген жаңа форматында «Математикалық сауаттылық», «Оқу сауаттылығы» және «Қазақстан тарихы» атты үш пән міндетті пән болып қалған және 2 бейіндік пән қосылған.

Оның айтуынша, «Қазақ тілінің» сұрақтары «Оқу сауаттылығы» деген пәннің ішінде ішінара кездеседі. Ал, ана тілі мектептегі қорытынды аттестацияда қалған.

Еске сала кетейік, Ұлттық бірыңғай тестілуге Баян Есентаева мен Нұртас Адамбай туралы сұрақтан да енген болатын.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий