Қазақ тілінде қызмет көрсетуді сұраған жолаушы әуежайда қамауға алынды (видео)

Ұшақ жолаушысы борт серіктен қазақ тілінде қызмет көрсетуді талап етіп дауласқан видеосы Facebook желісінде тарап кетті деп хабарлайды NUR.KZ.

Огус Доган есімді азамат: «Дəл қазір Алматы əуежайының полиция бөлімінде ұсталып отырмын. Қазақ тілінде қызмет алғым келгені үшін» деген жазба қалдырып, басынан өткерген оқиғасы жайлы видео жариялады.

Бейнежазбада борт серік жолаушыға келіп хабарлама қағазын ұсынып: «Бұл хат сіздің ұшақ ішіндегі ережені бұзғаныңыз үшін ескерту. Камераны өшіріңіз. Хатпен танысыңыз, біз полиция шақырамыз», — дейді.

Ал, видеоны түсіріп тұрған азамат (Огус Доган) болса: «Мен Қазақстанда қазақша қызмет алғым келеді. Видеоға түсіруге құқым бар. Мен журналиспін. Ертең шығасыңдар телевизорға», — деп өз уәжін айтуда.

Аталған видео әлеуметтік желіде үлкен резонанс тудырып, ел-жұрт «Air Astana мекемесінің қазақша білмейтін қызметкерін жазалау керек», ал қазақ тілінде қызме көрсетуді талап еткені үшін полиция қамауға алған азаматты босатуды сұрап, қол жинауда.

Аталған оқиғаға қатысты NUR.KZ порталы Air Astana әуе компаниясының баспасөз қызметіне хабарласты. Алайда олар болған оқиғаға қатысты қандай да бір пікірін кейінірек білдіретінін айтты.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий