Қазақ тойында кейуанаға ойын ойнатқан асаба жұрттың ашуына тиді (ВИДЕО)

Қазақ тойларының бірінде ортаға кілең аналарды шығарып ойын ойнатқан асабаның әрекеті көпшілікке жақпай қалды, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпараттық агенттігі.

Желіде қазақ асабасының той басқару барысында келген қонақтарға көтеріңкі көңіл күй сыйлау мақсатында ұйымдастырған ойынының видеосы пайда болды. Онда асаба жігіт кейуананы ортаға шығарып, сұрақ қояды.

Оның сұрағын жөнді түсінбеген болу керек, жасы келген ана бірнеше рет қателеседі. Соңында дұрыс жауабын айтқан ақ жаулықты анаға асаба «Дұрыс, не деген бас» деп қошеметтей түседі. Той басқарушының бұл әрекеті көпшілікке жақпай қалды.

Басым көпшілігі асабаның мұнысымен кейуаныны келеке етіп тұр деп оған үлкенді сыйлауға кеңес бердіі. Тіпті бірі асабаны ақымаққа теңеп, өз анасын да ойлау қажеттігін ескертті.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий