Қазақ қызы түрік азаматына қалай тұрмысқа шыққанын айтып берді (видео)

Түрік азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы өзге ұлт өкіліне қалай тұрмысқа шыққанын «Әйел бақыты» бағдарламасында айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Маржан есімді қазақ қызы Астана қаласындағы сұлулық салондарының біріне жұмысқа тұрады. Сонда жүріп, сол жерде жұмыс істейтін Түркия азаматы Онурмен танысады. Араға уақыт салып, екеуі отбасын құрады. Бүгінде олар тату-тәтті отбасылар қатарында.

Маржанның айтуынша күйеуінің бойында ер-азаматқа тән қасиеттің бәрі бар. Олар бүгінде екі бала тәрбилеп отыр.

Маржан түрікше деген қызығушылығының арқасында өзге тілде екі-ақ айда үйреніп алған. Ал күйеуі болса, әлі қазақшаны дұрыс меңгермеген. Бағдарлама жүргізушісі Ләйла Сұлтанқызының «5 жыл бойы неге қазақша үйренбей жүрсіз?» деген сұрағына күйеу бала мардымды жауап бере алмады.

 

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий