Қажылықта жүрген ресейлік келіншек ұлды болды (фото)

Ұлды болған отбасы. Фото: muslim.kz

Сауд Арабияда қажылық парызын өтеп жүрген ресейлік қажыларда қуанышты жайт орын алды. Олардың бірінің сәбиі дәл Меккенің өзінде дүниеге келді деп хабарлайды muslim.kz.

«Марва-Тур» туристік операторы арқылы Дағыстаннан қажылыққа ұшып шыққан Камилат Гасангусейнова Мединеге келіп, одан Мекке қаласына сәтті жеткен болатын. Осы қасиетті жерде бұл мұсылман-келіншектің отбасында көптен күткен жайт орын алды – ол ұлды болды.

Жаңа туған нәрестеге ата-анасы Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) атын қоюды шешіпті. Айта кету керек, жаңа туған сәби де оның анасы да өздерін жақсы сезінуде, енді ресейлік отбасы алда тұрған қажылық парыздарын бірге өтеуге толықтай дайын.

Осылайша, Алланың қалауымен, Мұхаммед еліне кішкене қажы болып оралады.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий