Азия даму банкі «Алматы – Ыстықкөл» балама жолын салуды қолдап отыр.
Бұл жөнінде 13 қарашада Қырғызстан үкімет басшысының орынбасары Азиз Аалиев пен Азия даму банкінің Қырғызстандағы тұрақты өкілі Лао-Арайя Канопканмен кездесу кезінде белгілі болды.
«Бұл жоба елге туристерді тартуға және сауда мүмкіндігін кеңейту үшін өте маңызды. Қырғыз үкіметі жоба жүзеге асу үшін қолдан келген барлық көмекті көрсетеді», — деген Азиз Аалиев.
Алматы мен Ыстықкөлді жалғайтын балама жол жолаушылар уақытын қысқартып, шығынды да азайтады деп отыр.
Қырғызстан мен Қазақстан үкіметі «Алматы- Шолпан» ата тас жолын салу жөнінде 2015 жылы келіскен. Сол кезде бұл жолдың қашықтығы 250 шақырым болатынын, қазақстандықтар Ыстықкөл өзеніне 2,5 сағатта бара алатыны айтылған.