Азия даму банкі Тәжікстанға вакцина сатып алу үшін $25 млн береді

Азия даму банкі Тәжікстанға Азия-Тынық Мұхит қорының жобасы аясында вакцина сатып алуға 25 млн доллардың грантын береді.

Тәжікстанның қаржы министрі Файзиддин Каххорзода 30 маусымда парламенттің төменгі палатасындағы отырыста осылай деп мәлімдеді.

«Жобаның жалпы құны — $26,8 млн. Соның 25 млн долларын Азия даму банкі грант ретінде береді, қалған 1,8 млн долларды Тәжікстан бөледі», — деп мәлімдеді қаржы министрі. Оның айтуынша, 2023 жылға дейін жалғасатын жоба аясында коронавирусқа қарсы вакцинаның 3,4 миллион дозасы сатып алынады.

Бұның алдында Дүниежүзілік банк Тәжікстан халқын вакциналау үшін қайтарымсыз 8,63 млн доллар бөлетінін хабарлаған.

Тәжікстан билігі коронавирусқа қарсы вакцина сатып алу ісін әлі бастаған жоқ. 20 маусымда Қытайдың Sinovac Research & Development Co. Ltd» компаниясы шығарған вакцинасының 300 мың дозасы Тәжікстанға жеткізілді. Елдің денсаулық сақтау министрлігі бұны Қытай билігінің тәжік халқыған сыйы деп сипаттады. Бұның алдында республикаға AstraZeneca вакцинасының 192 мың дозасы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «COVAX» бағдарламкасы аясында келген.

Министрлік мәліметі бойынша, Тәжікстанда 205 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырған.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий