БҰҰ: Душанбе 11 ауған босқынын мәжбүрлеп депортациялады

Афганские беженцы в Вахдате. 2014 год

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Тәжікстанның баспана сұрап келген ауғанстандықтарды еліне депортациялап жатқанына алаңдаушылық білдіреді.

БҰҰ-ның Босқындар ісі бойынша жоғарғы комиссарының мәлімдемесінде Тәжікстан 11 қарашада босқын мәртебесін сұраған 11 ауғанстандықты, олардың ішінде әйелдер мен балаларды «күштеп еліне қайтарғаны» жазылған.

«Баспана сұрап Тәжікстанға барып жатқан ауған азаматтары түрлі кедергілерге тап болып жатыр. Шілденің аяғында тәжік билігі елінде уақытша тұруға рұқсат ететін құжаттарды беруді тоқтатты. Тәжікстанның босқын мәртебесін анықтау бойынша мемлекеттік комиссиясы да баспана беру туралы арыздарды қарауды уақытша тоқтатты. Бұл кедергілерден кейін ешқандай құжатсыз жүрген ауғанстандықтарға айыппұл салынып, еліне депортациялануы мүмкін. Қашқындар және адам құқықтары бойынша халықаралық, сонымен бірге ұлттық заңдарға сәйкес, Тәжікстан мұқтаж адамдарды өз аймағына кіруге мүмкіндік беруге міндетті», — деп жазылған мәлімдемеде.

Тәжікстан билігі әзірге бұл мәлімдеме бойынша пікір білдірмеді.

БҰҰ-ның Босқындар ісі бойынша жоғарғы комиссарының Душанбедегі өкілдері хабарлағандай, бүгінгі күні Тәжікстанда 14 мыңға жуық босқын бар. Олардың 6,5 мыңы Тәжікстанға 2021 жылға дейін келсе, қалғаны биыл қыркүйекке дейін келгендер.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий