БҰҰ мінберінде Тәжікстан сыртқы істер министрі Панжшердегі зорлық-зомбылықты тоқтатуға шақырды

Тәжікстан сыртқы істер министрі Сироджидин Мухриддин халықаралық ұйымдар мен ықпалды мемлекеттер Ауғанстанның Панджшер қаласында бейбіт тұрғындарға қатысты зорлық-зомбылықты тоқтату үшін әрекет ету керек деп мәлімдеді.

Ол мұны БҰҰ-ның Бас ассамблеясының 76-сессиясында айтты.

«Талибан» қозғалысы Кабулды басып алғаннан кейін үш аптадан соң Панжшер қаласын да бақылауына алды.

Бірақ Ауғанстанның Ұлттық қарсылық майданының өкілдері Панжшер қаласында тәліптермен әлі соғыс жүріп жатқанын айтады.

Қыркүйек айында британдық The Guardian газеті Панжшер аймағында гуманитарлық апат болуы мүмкін екенін ескерткен.

Тәжікстан президенті Душанбеде өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің басшыларының бас қосуы кезінде тәліптер Панжшерге гуманитарлық көмек жеткізетін барлық жолды жауып тастады деп мәлімдеген.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий