БҰҰ-ның діни сенім және көзқарас бостандығы жөніндегі арнайы баяндамашысы Ахмед Шахид биыл қыркүйекте Өзбекстанға барады. Бұл туралы Өзбекстанның АҚШ-тағы елшісі Жавлон Вахобов пен Ахмед Шахид кездесуінде мәлім болды.
Жергілікті ақпарат агенттіктерінің мәліметінше, Шахид қыркүйектің басында Өзбекстанға баратынын айтты.
Арнайы баяндамашы Өзбекстандағы мемлекеттік органдардың, азаматтық қоғамның және діни ұйымдардың өкілдерімен кездеседі.
Сапар барысында Шахид ұлттық мониторинг және бағалау жүйесін дайындауға көмектеседі. Жүйе БҰҰ-ның адам құқықтары индикаторларына негізделеді.
Ахмед Шахид биыл желтоқсанда Өзбекстанда өтетін «Декларациялар диалогы» халықаралық конференциясына да қатысуға дайын екенін айтты.