БҰҰ сарапшылары тәжік билігін памир аз ұлтын қорғауға шақырды

Протесты в Хороге продолжались четыре дня

Біріккен Ұлттыр Ұйымының сарапшылар тобы Таулы Бадахшан автономиялы облысындағы жағдайға алаңдап, тәжік билігін памир аз ұлтын қорғауға және аймақта адам құқықтарын сақтауға шақырды.

«Таулы Бадахшан автономиялы облысында былтыр қарашада қауіпсіздік күштері жергілікті бір тұрғынды өлтірген соң аймақ халқы көтерілді. Үкімет қосымша әскер жіберу, интернетті өшіру секілді әрекеттерге барды», — делінген БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының сайтында.

Сарапшылар тобы құрамына аз ұлттар мәселелері жөніндегі арнайы баяндамашы Фернан де Варенн, сөз бостандығы жөніндегі арнайы баяндамашы Ирен Хан және басқа да мамандар кірді.

Таулы Бадахшандағы наразылық 2021 жылғы қарашада үдей түсті. Наразы халық Хорог қаласындағы орталық алаңға жиналды. Бұған кұш құрылымдарының Роштқала ауданының тұрғыны Гұлбиддин Зиёбековті арнайы операция кезінде атып өлтіруі себеп болды. Билік Зиёбековке адамды кепілде ұстады деп айыптады. Халық билікті тұрғындарға зәбір көрсетті деп сынады.

Бадахшандағы азаматтық қоғам белсенділерінің мәліметінше, наразылық кезінде әскер тағы екі адамды өлтірген, 17 адамды жаралаған. Билік болса құқық қорғау органдарының бірнеше қызметкері ғана жараланды деп хабарлады.

«Біз наразылықты күшпен басқанына, Памир тұрғындарын ұстағанына, сонымен бірге әскерді заңсыз пайдаланғанына алаңдаймыз. Біз билікті памир тұрғындарын алалауды доғаруға шақырамыз», — делінген БҰҰ сарапшыларының мәлімдемесінде.

Тәжікстан билігі әзірге бұл мәлімдемеге жауап берген жоқ. Бірақ бұның алдында Душанбе Таулы Бадахшандағы ұйымдасқан қылмыстық топтармен күресіп жатырмыз деп мәлімдеген.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий