Тәжікстанда биыл азық-түліктің бірқатар түрі бірнеше есеге қымбаттады. Бұл туралы БҰҰ-ның Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы мәлімдеді.
Ақпаратқа қарағанда, ұн бағасы 50 пайызға өссе, пияз 192 пайызға қымбаттаған.
Ал керісінше сәбіз 65 пайызға, жасымық 5 пайызға арзандаған.
БҰҰ мамандары өткен аптада Тәжікстанның алты базарында ұн бағасы салыстырмалы түрде 1-3% төмендегенін, Таулы Бадахшан өңірінде керісінше қымбаттағанын анықтаған. Бұдан бөлек Тәжікстанның сегіз базарында қант 18 пайызға дейін арзандаған.
Жыл басынан бері Тәжікстанда ең қажетті тауарлар бірнеше есеге қымбаттады. Үкімет қордағы сақталған тауарды шығарып тұрды. Бірақ ол тауарлар түскен дейін таусылып кетеді.