БҰҰ Украинадағы соғыста 17 журналист қаза болғанын растады

Журналисты бегут в укрытие во время обстрела (Ирпень, 6 марта 2022 года)

Ресейдің Украинадағы басқыншылығы басталғалы бері шайқастарда 17 журналист опат болып, 14 тілші жараланған. Бұл туралы БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Мишель Бачелет мәлімдеді.

Адам құқықтары жөніндегі кеңесте Украинадағы жағдайға қатысты баяндама талқыланды.

БҰҰ мәліметінше, зардап шеккен төрт журналист кәсіби қызметіне байланысты қудалауға ұшырағанын айтқан. Кем дегенде жеті тілші атыс кезінде опат болған, олардың бесеуі ресейліктердің шабуылы кезінде мерт болуы мүмкін. Тағы бес журналист ұрыс жүріп жатқан аймақтарда өлтірілген. Оларды нақты кімдер өлтіргені белгісіз. Бір журналисті ресейлік жауынгерлер ұрлап әкеткен. Оны азаптаған, журналист бостандыққа шыққан соң қайтыс болған.

Украинадағы соғыс ошағында бес әйел журналист қаза тапты. Олардың арасында Азаттың радиосы Украин қызметінің қызметкері Вера Гирич және ресейлік журналист Оксана Баулина бар.

Украинада соғыс басталғалы бері 4889 бейбіт украин азаматы опат болғанын БҰҰ құжаттармен растады. 8 миллион тұрғын елден кетуге мәжбүр болды.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий