Бұдан былай өзбек азаматтары Қазақстанда тіркеусіз 30 күнге дейін жүре алады

Өзбекстан азаматтары Қазақстан аумағында 30 күнге дейін тіркеусіз жүре алады. Дәл осындай ереже Қазақстан азаматтары үшін Өзбекстанда бар.

Бұл мәліметті Өзбекстанның сыртқы еңбек миграциясы жөніндегі агенттігі хабарлады.

Онда жарияланған құжатқа сәйкес, мәселен Өзбекстан азаматы 30 күннен аспайтын мерзімге Қазақстанға баратын болса, кез-келген уақытта, тұрғылықты жеріне қарамастан Қазақстанға қайта кіріп-шыға алады. Осыған дейін бес күнге дейін тіркеусіз жүре алатын.

Ал егер Қазақстанға келу мерзімі 30 күннен асатын болса, тиісті органдардан міндетті түрде уақытша тұруға рұқсат алуы тиіс.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий