Бүлдіршінді лифтіде аяусыз ұрған тәрбиеші әлемді дүрліктірді (видео+18)

https://youtu.be/niRlQ6DtVYo

Лифтінің есігі жабыла сала баланы жұдырықпен тоқпақтаған әйел желіні шулатты. Оқиға Қытайдың Хэнань провинциясында болған деп хбарлайды life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Лифтідегі камераға түсіп қалған видеода анасы қызын тәрбиешісіне қосып, ешнәрсеге күмәнданбастан шығарып салады. Алайда, жылауын тоқтатпаған бүлдіршінді лифтінің есігі жабыла сала қатыгез қараушы аяусыз ұра бастайды. Онда сәбидің ішінен, арқасынан және басынан жұдырқпен төмпештегенін байқауға болады.

Оқиға желісін үй күзетшісі камерадан көріп қалған. Осыдан соң ол видеоны баланың ата-анасына көрсетеді. Дереу полицияға хабар беріп, тәрбиешіні сол күні-ақ қамауға алған.

Құқық қорғаушылар «тәрбиесіз тәрбиешіні» жіберген агенттікті де қатаң тексеруде. Белгілі болғандай, осы уақытқа дейін ол жоғары жалақы алып келген және атына ешқандай кір келмеген.

Комментарий (0)
Добавить комментарий