Бұлт арасында пайда болған адамның бейнесі. Фото: strangesounds.org
Ұзындығы кемінде 100 метрді құрайтын алып гуманоидтық бейне екінші наурыз күні байқалып, шамамен жарты сағаттай көрініп тұрған. Замбияның жергілікті тұрғындары мұны Жаратушының ескертпесі деп біліп, қорыққаннан қаша жөнеліпті. Кейбірінің бұл жайтты фотоға түсіріп алуға батылы жеткен.
«Біз бұл бейнені көргенде шошып қалдық. Ол отыз минут бойы аспаннан бізге қарап тұрғандай болды. Кейбірі оған табынып, тізерлей кетсе, енді бірі қаша бастады», — дейді куәгерлердің бірі.
Дегенмен желі қолданушыларының дені бұл жайтқа сенбестік білдіруде. Олар отыз минут бойы тұрған бұл бейнені неге екі адам ғана фотоға түсірген деген сауал тастады.
Видео: Bigbang news