Мас жүргізуші. Көрнекі сурет. Фото: life.ru
БҚО-да мас күйінде көлік айдап, сегіз жасар баланы қағып кеткен ер адам алты жылға бас бостандығынан айырылды деп хабарлады Sputnik Қазақстан.
Тергеу барысында анықталғандай, жүргізуші құқығынан айырылған шопыр Круглоозерное ауылында мас күйінде көлік айдап жүріп, рөлге ие бола алмай жолдың шетіне шығып кеткен.
Ер адам 2008 жылы туылған ер баланы қағып кетеді, бала алған жарақаттан есін жия алмастан облыстық балалар ауруханасында көз жұмды.
Орал қалалық сотының үкімі бойынша ер адам алты жылға бас бостандығынан айырылып, колонияға қамалды. Сонымен қатар, көліктік құралдарды басқаруына жеті жылға тыйым салынады. Үкім заңды күшіне енген.