Мәліметтерге қарағанда, Қырғызстанның бірінші президенті Асқар Ақаев 2 тамызда Бішкекке келеді. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлады. Мәліметті Азаттық радиосы қырғыз қызметінің дереккөздері растады.
Асқар Ақаев елді 1990-2005 жылдар аралығында басқарды. 2005 жылғы революциядан соң ол отбасымен бірге Ресейге қашты. Осы күнге дейін сонда тұрады. Содан бері ол елге келмеген.
Бұның алдында Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің басшысы Камчыбек Ташиев елдің бұрынғы президенттері Асқар Ақаев пен Құрманбек Бакиевке «Құмтөр» алтын кеніндегі жемқорлыққа қатысты қылмыстық іс аясында іздеу жарияланғанын мәлімдеген.
Қырғызстан үкіметі Құмтөр ісі бойынша халықаралық сотта республиканың бұрынғы басшыларын канадалық Centerra Gold Inc. компаниясының сатып алғанын дәлелдемек.