Кабулдан Душанбеге эвакуацияланған 78 адам арнайы рейспен Нью-Делиге жеткізіледі. Бұл туралы Үндістанның Hindustan Times басылымы хабарлады.
Дүниежүзілік үндістер форумының президенті Пунет Сингх Чандхоктың айтуынша, Ауғанстанда әлі 200-ге жуық үндіс бар. «Олар қазір Кабулдың солтүстік -батысындағы Карте Парван ауданында тығылып жатыр. Бұл аудан Хамид Карзай атындағы әуежайда жақын орналасқан.
Hindustan Times басылымының мәліметіне қарағанда, өткен сенбі күні Үндістан Душанбе және Доха қалалары арқылы Кабулдан 540 адамды, оның ішінде 475 азаматты шығарып алған. Оған дейін Нью-Делиге үндістандық дипломаттар, ресми өкілдер, елшілік қызметкерлерінен тұратын 200-ге жақын адам жеткізілген.