Түркіменстан президентінің немере інісі елінде дағдарыс болып жатқан кезде байып жатыр деп жазады Turkmen.news пен Gundogar басылымы. Олар Коррупция және ұйымдасқан қылмыс жөніндегі орталықпен (OCCRP) бірлесіп жұмыс істеп, зерттеу жүргізген.
Әңгіме түркімен президенті Гурбангулы Бердымухамедовтің әпкесінің ұлы, 39 жастағы Хажимурат Режепов жайлы. Журналистердің мәліметі бойынша, ол таяуда ғана құрылған Greatcom Trade британдық компанияны басқарады. Бұл компания азық-түлік импортымен айналысады.
2016 жылдың наурыз айында Бердымухамедов шетелден азық-түлікті тек осы компания арқылы ғана сатып әкелуді көздейтін жарлық шығарған. Үкімет бұл компанияға тонналаған қант, тауық еті, маргарин және өсімдік майларын сатып алу үшін 27,5 миллион доллар бөлген.
Бірақ Түркіменстанда қазір экономикалық дағдарыс жүріп жатыр. Дүкендерде азық-түлік тек арнайы талонмен беріледі.