Қаза болған бойжеткен. Фото: tumba.kz
«Әзірге Ақырыстың күйеуі оны намазды дұрыс оқымағаны үшін ұрып өлтіргені белгілі болды. Басқа ешнәрсе белгісіз. Басқа сұрақтардың жауабын тергеу аяқталған соң білетін боламыз. Біз оның күйеуіне тиісті жаза берілгенін күтіп отырмыз», — дейді Ақырыстың жақындары.
17 жасар Ақырыс Қозыбайды кеше жер қойнына тапсырды.
Оның күйеуі уақытша қамау изоляторында отыр. Қазіргі таңда Қазақстанның Қылмыстық кодексінің 106-бабы, 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл бап бойынша 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.