БАҚ: АҚШ-та қаза тапқан жеткіншекті Қазақстаннан асырап алған

АҚШ-тағы Қазақстанның елшілігінде Белфейр (Вашингтон штаты) қаласында жұма күні қаза тапқан екі жеткіншек туралы ешқандай ақпарат жоқ.

Бұл туралы ТАСС хабарлайды деп жазады 24 арна.

Бұрын құқық қорғау органдары Белфейрде екі жеткіншектіктің қаза тапқаны туралы хабарлаған. БАҚ өкілдері олардың АҚШ азаматтары асырап алған балалар екенін бірнеше рет мәлімдеген. Олар – Ресей мен Қазақстан тумалары.

Сондай-ақ оларды асырап алған әйел 49 жастағы Лана Карлсон да қаза тапқан. Тергеу жұмыстары анықтағандай, атысты оның 51 жастағы күйеуі Дэвид Уэйн Кэмпбелл бастаған.

Қайғылы оқиға орнына полицейлер жеткенде ол да өзін атып жіберген.

 


 

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий