Фото Кешью тобының Instagram парақшасынан алынды
Баян Есентаеваның қарамағындағы «Кешью» тобының құрамы тағы өзгерді деп хабарлайды НТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Олар бүгінде көпшілік алдына тек үшеу болып қана шығып жүр. Аталмыш топтағы Сара Амангелдиева белгісіз себептермен топ қатарынан көрінбейді.
Мәселен, «ЕМА-2017» музыкалық премиясында олар Сарасыз өнер көрсетсе, «Алматы — менің алғашқы махаббатым» фестивалінде де үшеу болып шыққан.
Алайда топтағы қыздар бұл жайтқа қатысты пікір білдіруден бас тартты.
«Неге үшеуіміз ғана? Білесіз бе, бүгін біз барлық сұрақтарыңызға жауап беруге дайынбыз. Тек «Төртінші қыз қайда?» деп сұрамаңыздаршы…», — дейді Элиза Берікова.
«Кешьюлықтардың» құрамының өзгеруіне қатысты Сараның өзі де, Баян Мақсатқызы да әзірге пікір білдірген жоқ.