Байқоңыр тұрғындарына Украинаға соғысқа бару үшін 260 мың рубль ұсынып жатыр

Байқоңыр қаласының әкімдігі Константин Бусыгин Украинаға соғысқа барғандарға 260 мың рубль көлемінде бір реттік көмек берілетіні жөнінде қаулыға қол қойған.

Қаржыландыру қала бюджеті есебінен жүзеге асады. Құжатқа сәйкес, ол «әлеуметтік төлем» ретінде көрсетілген.

Қазақстан президентінің Байқоңырдағы арнайы өкілі бұл ұсыныс тек Ресей азаматтарына қатысты екенін мәлімдеді.

Қазақ жеріндегі Байқоңыр қаласын Ресей сондағы ғарыш айлағымен қоса 2050 жылға дейін жалға алған. Жылына 115 млн доллар төлеп тұрады.

Былтыр қараша айында Ресей президенті Владимир Путин мобилизацияланған азаматтарға 195 мың рубль көлемінде бір реттік көмек көрсету жөнінде жарлыққа қол қойған.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий