ҚР ІІМ-нің тапсырмасына сәйкес, республика көлемінде «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» іс шарасы қолға алынған. Осыған орай, тәртіп сақшылары Шымкент қаласының барлық аудандарында оқушыларды қатыстыра отырып түрлі іс-шаралар өткізуде. Атап өтсек, «Жол ережесін сақтау – қауіпсіздік кепілі» тақырыбында жол жүру ережелерін үйрету сабағы өтті.
Мәселен Қаратау аудандық полиция басқармасының ювеналды полиция тобының инспекторы полиция майоры А.Алдабергенова №116 мектептің оқушыларына арнайы түсіндірме сабақтарын өткізді. Сабақ барысында LED экран арқылы бейнероликтер көрсетіліп, көрнекіліктер пайдаланылды.
Тәртіп сақшысы балаларға жол қозғалысы ережесін түсіндіріп, жол белгілерін таныстырды.
Айта өтетін ақпарат, бұл іс-шара ағымдағы жылдың 10-сәуірге дейін жалғасын таппақ. Бала қауіпсіздігі – басты орында.
Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі