Барак Обама АҚШ президенті ретінде қандай істерімен тарихта қалды?

Барак Обама. Фото: amic.ru

АҚШ президентінің президенттік ғұмыры аяқталуға шақ қалды. Бүгін, 8 қарашада Америкада жаңа мемлекет басшысы сайланады.  Обаманың істеген істері, оның жеткен жетістіктері мен мүлт кеткен қателіктері тарих беттерінде қалатын болады. Американың 44-ші президенті ел есінде несімен қалды?

Бір жынысты некелер

Барак Обама бір жынысты некелерді заңдастыру идеясын қолдады. Президенттік қызметтің басында ол бұл ойының қаншалықты дұрыс екеніне көзі жетпегенін айтып, азаматтық неке жеткілікті деп мәлімдеген. Кейіннен АҚШ президенті бір жынысты жұптар өз ара-қатынасын заңдастырған жөн дегенді алға тартып, оларға некеге тұруға рұқсат берді. Барак қызтекелерге тіпті әскерге баруға да рұқсат берді. Бірақ, оның бұл шешімін қолдамағандар да жетіп артылды.

Денсаулық сақтау саласындағы реформа

Обаманың ең атышулы реформаларының бірі осы. АҚШ президенті 2010 жылы ұлттық денсаулық сақтау жүйесіне бірқатар реформалар енгізді. Ол бұл реформаларды өзінің анасының атынан жасағанын айтты.

«Оба ауруына шалдыққан анам сақтандыру компанияларымен өле өлгенше күресіп өтті», — деп мәлімдеді ол. Реформаға сәйкес сақтандыру компаниялары бұдай былай науқас адамдар мен балаларды сақтандырудан бас тарта алмайтын болды.

Ата-аналар балаларын сақтандыру құжатына олар 26 жасқа толғанға дейін қосып жазуға құқық алды. Компанияларға деген талап күшейіп, көрсетілетін қызметтер ауқымы кеңейді. Қарапайым азаматтарға медициналық қызметтер қолжетімді бола түсті.

Нобель сыйлығы

2009 жылы Барак Обама Нобель сыйлығының иегері атанды. Ол бұл сыйлықты «халықаралық дипломатия мен халықтар арасындағы бейбітшілікті нығайтқаны үшін» алды.

Қайырымды немере

АҚШ президенті өз әжесіне деген ерекше ықыласын көрсете отырып, үлкендерге құрмет көрсетудің үлгісіне айналды. Әжесі ауырып қалған кезде, ол екі сайлауалды митингіні қоя тұрып, соңғы рейспен әжесіне қарай жөнелді. Обама, өзінің әжесіне деген сүйіспеншілігін ешқашан жасырған емес. Ол оның кішкентайынан бағып-қаққанын ешқашан ұмыта алмайтынын да жеткізген.

Хиросимаға жасаған сапары – тарих

2016 жылғы мамыр айында Обама тарихта қалар әрекетімен көзге түсті. Оның бұл әрекетіне бүкіл әлем көз тікті. Америка президенті Хиросимадағы Мемориалды бейбітшілік паркіне барған алғашқы америкалық президентке айналды. Ол Хиросима тұрғындарымен құшақтасып көрісіп, әлем болып ядролық қарудан бас тартуға шақырды.

Усама бен Ладеннің өлімі

11 қыркүйек күні орын алған терактіні ұйымдастырған Усама бен Ладенді өлтіруі Барактың сыртқы саясаттағы жеткен ең үлкен жетістігі ретінде бағаланады. Ол Пәкістанда 2011 жылдың 2 мамырында өлтірілді. Дегенмен, оқиғаның толық мән-жайы әлі жария болған жоқ.

Ирак пен Ауғаныстандағы соғыс

Обама билікке келгенде Ирак пен Ауғаныстандағы соғыстарды аяқтауға уәде берген болатын. Бірақ президент өз уәдесінде толықтай тұра алған жоқ. 2014 жылы Ауғаныстандағы шара аяқталғанымен, онда АҚШ-тың он мың әскері бәрібір де қалып қойды.

Америка құрама штаттарының билігіне қара нәсілдінің алғаш рет келуі осы болды. Бұл оқиғаның өзі тарих беттерінде айрықша айтылатын болады.

Дереккөз: amic.ru

Nur.kz

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий