Барак Обама әлем алдындағы «соңғы сөзін» сөйледі

Барак Обама. фото: РИА Новости/Сергей Гунеев

Барак Обама Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясында баяндама жасады. Ол халықаралық қауымдастыққа жолдаған үндеуінде қазіргі әлем тарихи сынақтарға төтеп беруге әзір деп мәлімдеді. Бұл туралы baq.kz хабарлайды.

Centralasian.org-тың мәліметінше, БҰҰ Бас Ассамблеясының жыл сайынғы жиналысында Обаманың баяндамасына ерекше назар аударылды. Өйткені бұл АҚШ президентінің халықаралық аренадағы «қоштасу сөзі» еді деп жазды Associated Press агенттігі.

Обама демократияға апарар жол авторитаризмнен әлдеқайда жақсы екенін нық сеніммен айтты. Тәуелсіз басылымдар, Обаманың сөзінше, билікті асыра пайдалануға жол бермейді.

«Мен Америка ерекше деп есептемеймін», — деді Обама, оған мысал ретінде бірқатар елдердің тәжірибесіне тоқталды. Оның айтуынша, бұрынғы советтік блоктан шыққан бірқатар еуропалық елдер демократияны дамыту арқылы үлкен жетістіктерге жетті.

Президент Украинаның ісіне араласқан Ресейді, халықаралық қауымдастықты ядролық бағдарламасымен үркіткен Солтүстік Кореяны сынады.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий