«Барки точик»: Ауғанстан Тәжікстанға электр энергиясы үшін қарызын төлемеді

Тәжікстан былтыр көршілеріне 2,4 миллиард кВт/сағат электр энергиясын экспорттаған. Бұл 2020 жылға қарағанда 911,6 миллион кВт/сағатқа көп. Бұл туралы «Барки точик» энергохолдингінің жауапты қызметкері 14 ақпанда баспасөз мәслихаты кезінде айтты.

Оның сөзінше, 2021 жылы электр энергиясын экспорттаудан түскен кіріс 404,6 миллион сомони болған. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда, 232,6 миллион сомониге (20 миллион доллар) аз болған.

«Бұл Ауғанстанның «Брешна» деген энергетикалық компаниясы жеткізілген электр энергияның ақысын өз уақытында бермегеніне байланысты. Қазір оларда ақша аударға байланысты бірқатар шектеулер бар»,- деді «Барки точик» өкілі.

31 қаңтарда «Барки точик» басшысы Мухаммадумар Асозода ауған компаниясы электр энергиясы үшін қаңтарда тәжік тарапқа 2 миллион доллар төлегенін, кейінгі айда қарызды толығымен жабады деп үміттенетінін айтты. Оның сөзінше, «Брешна» компаниясыныңэлектр энергиясы үшін Тәжікстанға қарызы 33 миллион доллардан асады.

Тәжікстан Ауғанстаннан бөлек электр энергиясын Өзбекстанға да экспорттайды. «Барки точик» компаниясының мәліметіне қарағанда, былтыр Өзбекстан Тәжікстаннан 258,8 миллион сомониге (22,9 миллион долларға) 1 миллиард кВт/сағат электр энергиясын сатыпалған.

Былтыр қазан-желтоқсан айларында Тәжікстанның бірқатар аудандарында тұрғындар электр энергиясы өшіріліп жатқанына наразылық білдірген. Өз кезегінде «Барки точик»мұны жөндеу жұмыстарымен түсіндірген.

Комментарий (0)
Добавить комментарий