Бас санитар дәрігер «Нұр Отан» партиясының төс белгісін тақпағаны үшін сөгіс естіді

Қазақстанның денсаулық сақтау министрінің орынбасары, бас санитар дәрігер Ерлан Қиясов «Нұр Отан» партиясының төс белгісін тақпағаны үшін сөгіс естіді. Бұл жайында Facebook парақшасында билік партиясының бақылау комитетінің төрағасы Артур Платонов жазды.

Ол партия төрағасы, тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 2019 жылғы тамыз айындағы «партия тәртібін көтеру», «партия мүшесі екенін насихаттап жүру» және «партияның символдарын құрметтеу» жөніндегі тапсырмасын еске салды.

«Сіз партия атынан тағайындалғаннан кейін, бірақ ол жөнінде ұмытып, не партия өкілі болуға ұялатын болсаңыз, партия сізге сенім білдіруден бас тартуы мүмкін. Әсіресе, партия бағдарламасын жүзеге асыруға жауапты адамдар», – деп жазды ол.

Оның сөзінше, Ерлан Қиясов, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Бақыт Жаханов, Алматы әкімінің орынбасары Мақсат Қиқымов, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Шәкәрім Бұқтығұтов, Жезқазған әкімі Қайрат Абсаттаров партия төс белгілерін тақпай жүр. «Осыған байланысты Қиясовқа талапты үнемі бұзып жүргені үшін сөгіс жарияланды, қалғандары ескерту алды», — деді Платонов.

Сөгіс алған күні кешкісін Ерлан Қиясов БАҚ өкілдері алдына партияның төс белгісімен шықты.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий