Басы маймылға ұқсайтын бір көзді шошқа жұртты шошытты (фото, видео)

Фото: inshe.tv

Кубада басы маймылға ұқсайтын бір көзді шошқа туылды деп хабарлайды inshe.tv-ге сілтеме жасаған NUR.KZ.

Түсініксіз жануар шошқа асыраушылардың өзін таңғалдырып отыр.

Кубаның шығысында орналасқан Сан-Хуан-и-Мартинес ауданындағы фермерлерді таңғалдырғаны жануардың түсі қоңыр әрі құлағы приматтардыкіне ұқсас келеді.

Аң-таң болған ферма қызметкерлері жануар туыла сала мал дәрігерін шақырған, дәрігер шошқанын қанын зерттеу жұмыстарын жүргізуге алып кетті.

Фермерлер ерекше болып туылған шошқа баласының өмірін сақтап қалуға тырысуда, олардың түсінігінше бұл генетикалық мутациянын нәтижесінде болуы мүмкін.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий