26 желтоқсанда Қырғызстан және Тәжікстанның шекара қызметтерінің жетекшілері Уларбек Шаршеев пен Ражабали Рахмонали кездесті.
Тараптардың кездесуі Баткен облысы Лейлек ауданына қарасты Борбордук елді-мекенінде өтіп, қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдай, өзара әріптестік мәселесі талқыланғанын Қырғызстанның шекара қызметі хабарлады.
Кездесуде 2023 жылы бірлескен комиссияның қызметін жалғастыру, екі ел азаматтарының мүлкін қайтаруды тездету, шекарадағы жағдайды бұзатын әрекеттерге жол бермеу жөнінде шешім қабылданған. Бұл кездесуге Баткен және Тәжікстанның Соғды облысы басшылары да қатысқан.
16-17 қыркүйекте қырғыз-тәжік шекарасындағы қанды оқиға үшін Қырғызстан мен Тәжікстан бірін-бірі айыптаған.