Баткенде қырғыз-тәжік шекарасы жөніндегі жұмыс тобының кездесуі басталды

4 шілдеде Баткенде Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау жөніндегі үкіметтік делегациялардың топографиялық жұмыс тобының кезекті отырысы басталды.

Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз қызметіне президент әкімшілігінің шекара мәселелері жөніндегі арнайы өкілі Нәзірбек Борубаев хабарлады. Оның айтуынша, жиналыс 9 шілдеге дейін жалғасады.

«Шекара мәселелері бірден шешілмейді. Біз дауласамыз, содан кейін мәмілеге келеміз. Оның үстіне, шекараның ең күрделі учаскелері қалды. Сол себепті тараптар бір-біріне дәлелдер келтіріп, солардың негізінде ортақ шешім қабылдаймыз» дейді Нәзірбек Борубаев.

Екі елдің жұмыс топтары соңғы мәрте 5-11 маусым аралығында Душанбеде кездескен.

Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы шекара 972 шақырымға созылып жатыр. 2022 жылғы 17 сәуірде екі елдің президенттері шекараның 664 шақырымы бойынша уағдаласқанын айтты.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий