Баткендегі бір айлық әскери қызмет екі ай деп есептеледі

Баткен облысындағы бір айлық әскери қызметті екі ай деп есептеу туралы шешім қабылданды. Бұл туралы 22 ақпанда Министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаров Баткен облысындағы көшпелі жиында айтты.

Үкімет басшысы биыл бюджет есебінен заманауи әскери техника сатып алынып, әскери қызметкерлердің айлығы өскенін айтты.

«2021 жылдың мамыр айынан бастап шекарашылардың және әскери қызметкерлердің айлығы 50-70 пайызға дейін көтерілді. Биыл қаңтар айынан бастап Төтенше жағдайлар министрлігі және Жазаны атқару қызметі қызметкерлерінің айлығы өсті»,- деді Жапаров.

Баткен облысы Тәжікстанмен шектеседі. Қырғыз-тәжік шекарасының қашықтығы 970 шақырым болса, оның 519 шақырымы ғана белгіленген. Осы белгіленбеген аймақтағы тұрғындар арасында жиі қақтығыс болып тұрады.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий