«Батыс» өңірлік қолбасшылығының жеке құрамына вакцина егілді

Ақтау, Ақтөбе және Атырау гарнизондарының әскери бөлімдерінде егу үшін жылжымалы вакцинациялау пункттері ұйымдастырылды.

 

Персоналды вакцинациялау ерікті түрде жүзеге асырылды. Барлық дәрежедегі командирлер мен медициналық қызмет өкілдері вакцинацияның артықшылығы мен қажеттілігі туралы жеке құраммен түсіндіру түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырды.

Әскери қызметшілерге Қазақстанда жасалған Sputnik V және QazVac вакциналары егіледі. Әскери бөлімдерде жеке құрамға егілу жұмыстарын жылжымалы вакцинациялау топтары өткізді. Вакцина барлық санаттағы әскери қызметшілерге, әсіресе инфекциялану қаупі жоғары болып тұрған жаңа толысымдағы сарбаздарға жүргізілді.

-Бүгін күні жеке құрамның шамамен 90% вакцина алды. Ешкімде кері әсері байқалмады, әскери қызметшілер өздерін жақсы сезінуде. Егілу жұмыстары кезең-кезеңімен бөлімшелер құрамында өтуде, денсаулық жағдайына байланысты кейбір әскери қызметшілердің егілуі жағдайы тұрақтанған соң жүргізілетін болады, — дейді «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшылығы Басқармасыныі медициналық қызметі бастығы медициналық қызметтің майоры Нағысхан Оразмбетов.

Отан қорғаушылар күнін мерекелеуге дейін «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдері вакцинаның бірінші компонентін қабылдауды аяқтауды жоспарлап отыр.

 

ҚР ҚМ Атырау гарнизоны бойынша баспасөз қызметі

капитан Рустем Игисинов

Байланыс: +7-777-641-11-72

Комментарий (0)
Добавить комментарий