Баян Есентаева Бибігүл Төлегенованың Қайрат туралы сөзіне қатысты пікір білдірді (фото)

Скриншот Instagram парақшасынан алынды

Отандық продюсер Баян Есентаева Бибігүл Төлегенованың елді шулатқан мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді. Ол қос әншіні салыстыру кәсібилікке жатпайтынын айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы продюсер өзінің желідегі парақшасына жазды.

«Біз бір-бірімізге ұқсамаймыз. Қайрат пен Димаш та екі түрлі. Оларды салыстыруға болмайды, жұмсартып айтқанда кәсібилікке жатпайды. Олардың әрқайсысы өз саласы бойынша дарынды. Оларды жақсы көреміз.

Адам туралы түрлі сөз айтып, оған тас лақтыруға болады, алайда оның дарынын ешкім тартып ала алмайды. Мен Димашқа да, Қайратқа да сәттілік тілеймін. Адамдар әйтеуір бір мейірімдірек болады деп сенемін», — деп жазды ол.

Естеріңізге салсақ, отандық бағдарламалардың бірінде Бибігүл Төлегенова Димаш пен Қайрат Нұртасты өзара салыстырып, екеуінің жер мен көктей айырмашылығы бар екенін айтқан болатын.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий