Отандық шоу-бизнестегі қоғам талқысына көп түсетін жұптардың бірі — Баян Есентаева мен Тұрсын Алагөзов соңғы кездері көп көрінбей кетті. Бірге түскен суреттерін жариялауды қойған ғашықтар бұған дейін де салынған суреттерін өшіріп тастаған деп хабарлайды NUR.KZ.
Олардың жақын таныстары жұбайлардың айырылысып кеткенін айтып жүр. Себебі, ғашықтар өз сезімдерін жариялап, сурет салуды тоқтатқан.
Бұл болжам сыбыс болуы да мүмкін. Бірақ, соңғы кездері Есентаева бақсы-балгерлерге бара бастаған. Продюсер әсіресе нумерологтарға ерекше көңіл бөліп жүр.
Естеріңізге салсақ, Тұрсынның соңғы жазбасында Есентаеваның той көйлегіндегі суреті болған. Біраз уақыт өткен соң бизнесмен ғашығының суретін өшіріп тастады.