Баян Есентаева. Фото: tumar.fm
Баян Есентаева бас-ми және пышақ жарақатын алып Талғар емханасына түсті деген ақпарат пайда болды. Алайда Есентаева Total.kz агенттігіне сұхбатында бұл ақпаратты жоққа шығарды деп хабарлайды NUR.KZ.
«Сіздің сөздеріңіз мені есеңгіретіп тастады. Менде бәрі жақсы. Мен Германияға check-up (профилактикалық медициналық тексеріс — ред. ескертпесі) үшін келдім. Күйеуім қасымда», — деп жауап берді Есентаева Total.kz тілшісінің сұрағына.
Алайда сол арада Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Есентаеваның емханада ауыр халде жатқанын BNews.kz сайтына мәлімдеді.
«12:15-те ол көп қан жоғалтып, емханаға түсті. Диагноз — бас-ми жарақаты, құрсақ қуысының пышақ жарақаты. Оған бірден ота жасалды. Бүгінде жансақтау бөлімінде. Оған компьютерлік томография жасалып, бас миының ісінгені анықталды. Әзірге жансақтау бөлімінде, аппаратта ес-түзсіз жатыр», — дейді басқарма басшысы Асхан Байдуалиев.