Ғабидолла Әбдірахымов. Фото: otyrar.kz
Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қалада қаптап кеткен тойханаларды халықтың пайдасына жарату керектігін ескертті.
Бұл туралы ТВК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.
«Бізде қазір қаптаған тойхана! Тойдың аймағымыз. Меніңше, ең болмаса бір тойхананы суретшілер мен қолөнершілерге беру керек. Тағы бір тойхананы спорт залына айналдырып, кілемдер төсеу керек. Осыны бір аптаның ішінде жүзеге асырыңыз!», — деді әкім мәдениет бөлімінің басшысына.