Бекболат Тілеухан. Фото: inform.kz
«Ұлттық Олимпиада комитетіне мемлекеттік бюджеттен қаражат алу құқығы берілмек. Саралау қағидаларына негізделе отырып, олимпиадалық спорт түрлері бойынша федерациялар арасында ақша бөлінеді ғой. Ендеше жоғары жетістіктері бар ұлттық спорт түрлерін осы саралау нәтижесі бойынша спорттың басым түрі деп айқындауға болады.
Қазір америкалықтар көкпар тартып жатыр, бір жарым миллиард қытайлар біздің аударыспақты мойындады. Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясы құрылғанын білесіздер. Ресей, Қытай, АҚШ қазақтың ұлттық спорт түрлерін мойындап жатыр», — деген депутат ұлттық спорт түрлеріне де көңіл бөліп, қаржыландыру қажеттігін алға тартты.
Өз кезегінде Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы тек олимпиадалық спорт қана емес, ұлттық спорт түрлерін дамыту да ерекше назарда екенін атап өтті.